Елорда тойы сән-салтанатымен атап өтілді

Астананың туған күнін еліміз бұл жолы да кең көлемде тойлады.

Осы айтулы датада әуелеген әуендер, күмбірлеген күйлер, шаттықтан бал-бұл жанған жүздер, сәбилердің қуанышқа толы тәтті күлкісі, сахнада мың бұралып би билеген қыздардың өнері, палуандардың сайыстары, ұлттық ойындар, ақындардың шабытты жырлары елордамыздың келбетін одан сайын ажарландыра түсті.

Орталық алаңдағы мерекелік шараны тамашалауға келушілердің де қарасы көп. Ағымдағы жылы 6,7,8 және 9 шілдені қоса есептегенде қазақстандықтар елорда күнінде 4 күн қатарынан демалды. Осы төрт күн бойы ел аумағында бірқатар мерекелік шаралар өтті.

Астана күніне байланысты елордадағы шараларға тоқталсақ,  олар әдеттегідей сан түрлі фестивальдермен, өнер және ән кештерімен өрнектелді. Мәселен,  6-шілде күні таңертеннен «Бәйтерек» монументі алаңында отандық және шетелдік өнер жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтіп жатыр. Қаладағы ірі нысандардың бірі «Хан Шатыр» алаңындағы ауқымды мерекелік бағдарлама бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-бұқаралық шаралар көптеп ұйымдастырылды. 8 шілде күні бұл орталықта Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен мерекелік концерті, ал 9 шілдеде Астана қаласы Ұлттық оркестірінің концерті өтті. Бұдан бөлек, «Керуен»  ОСО маңындағы концерт, Бүкіләлемдік шоколад күніне орай өткізілген шеберлік сабақтар, ойын-сауық бағдарламасы және тағы басқа да мерекелік кештер елдің көңілін серпілтіп тастады.

                                                              

***

Қала күні мерекесіне орай «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы аумағында этномәдени кешен пайда болды. Қазақ халқының, оның ішінде көшпенділер өркениетін сипаттайтын қаланы жобаға авторлары «Бозоқ» деген атау берген.

«Бозоққа» келген қонақтар салт-дәстүр мен тарихтан сыр шертетін театрландырылған көріністерге куә болды. Көпшілік қалашықтың ішінде түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерден тұрмыстық жабдықтар мен зергерлік бұйымдарды кезіктірді. Сондай-ақ, ақ жаулықты әжелер мен он саусағынан бал тамған ісмерлер жиналғандарға ұлттық бұйымдарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді. Көшпенділер қаласының ашылу салтанатына халықпен бірге Астана әкімі Әсет Исекешев қатысып, жиналғандарды елорда күнімен құттықтады. «Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қонақтары! Баршаңызды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Әрқашанда қуаныш пен сәттілік баулап жүрсін. Астанамыз көркейе берсін. Мереке құтты болсын!», - деді елорда басшысы өз сөзінде. Сонымен бірге өз құттықтауында жаңа елорданың негізін қалаушы әрі авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін тілге тиек етті. «Астана халқымыздың мүмкіндігі мен еліміздің жаңаруының символы болып табылады. Осы күндері елордамызда екі мыңнан астам түрлі мәдени-бұқаралық шаралар өтіп жатыр. Барлық саябақтар мен гүлзарларда, қаланың шет аудандарында мерекелік концерттер мен фестивальдер, түрлі шоулар өткізіліп жатыр. Мұнын барлығы қала тұрғындарының мерекені сезінуі үшін жасалды. Өйткені, бұл мереке жалпыхалықтық мейрам. Оны тек елордада ғана емес, еліміздің барлық аумағында кең ауқымда тойлануда. Осыған орай барлықтарыңызға тек жақсылық, бақыт пен амандық тілеймін», - деді Ә.Исекешев ақжарма тілегін түйіндей келе. Астана әкімі кешеннің аумағындағы қайнаған тірлікпен танысып, мерекелік қойылымды тамашалады. Бірі жүн түтіп, бірі ұршық иіріп отырған ісмер әжелердің орындауындағы әнді тыңдап, құрметін білдірді. Тіпті, шеберлер жәрмеңкесіне барып, естелікке ұлттық нақыштағы кәдесыйды сатып алды. Ақшаңқай үйге бас сұғып, ұлттық тағамнан да дәм татты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"