Электрондық технологияларды сот жүйесінде дамыту азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттырады

Қазіргі заманғы электрондық технологияларды сот жүйесіне енгізу азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттыруға, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының республика судьяларының алтыншы съезінде берген тапсырмаларының бірі азаматтардың сот төрелігіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері. Осыған байланысты қоғам сұранысының артуы ақпараттық технологияларды сот жүйесінің қызметінде пайдалануды ұдайы жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2014 жылы іске қосқан «Сот кабинеті» сервисі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған. «Сот кабинеті» азаматтарға сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап-арыздарды (арыздарды), апелляциялық шағымдарды, өтінішхаттарды электрондық құжат нұсқасында беруге, мемлекеттік бажды интернет арқылы немесе пайдаланушы үшін қолайлы басқа орындар арқылы онлайн режимінде төлеуге мүмкіндік береді.

«Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Оның құрылымы да өзгерді.

Жаңарған сервис әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне шағым (ӘҚБтК-нің 44-тарауына сәйкес); әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау туралы шағым (ӘҚБтК-нің 45-тарауына сәйкес); талап-арыздар мен шағымдар бойынша хабарламалар, сондай-ақ «Талдау» форумы сияқты қосымша бөлімдерді қамтыды.

Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың 4-сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да қолданушылары арасында online-сауалнама жүргізу басталды.

Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек ағымдағы жылдың 19-сәуірі күнгі жағдай бойынша сауалнамаға 7 192 респондент қатысқан. Сәуір айының 4-і мен 18-і аралығындағы сауалнама нәтижесін талдау респонденттердің соттар жұмысына жалпы оң баға беретіндігін көрсеткен.

Сауалнамаға қатысушылар сот кеңселерінің жұмысына, сот процесіне, судьялардың іріктелуі мен әдебіне, ақпараттық технологияларға, сот ғимараттарының жайлылығына, заңнаманы өзгертуге қатысты ұсыныстар берген. Оnline-сауалнама жалғасуда, оған қатысу үшін азаматтар «Сот кабинеті» сервисіне (http://office.sud.kz/index.xhtml) тіркелуі керек. Сервисте тіркелу электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

«Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін, яғни оны тұрғындардың кеңінен пайдаланатынын, осы сервистің адвокаттардың, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн.

 

 

                                                                                     Қазақстан Республикасы Әскери соттың әкімшісінің

                                                                                     Әскери соттардың қызметін қамтамасыз ету бөлімінің

                                                                                     бас маманы Г.А.Молдабекова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"