Елдің айбыны − Қарулы Күштер

Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедра ұжымы  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің Тәуелсіздігін қорғау күзетінде» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел бағытында өткізілген іс-шараға, Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар бөлімінің бастығы капитан А. Зейнуллаев, 5547 әскери бөлім командирінің тәрбиелік әлеуметтік құқықтар жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант В. Бабанов,  10216 «Д» әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары  аға лейтенант А. Серіков, Қызылорда мемлекеттік университеті әскери кафедрасының аға оқытушылары полполковник Ж. Кошкаров, подполковник Ш. Уксикбаев және отставкадағы майор Б. Ердигаликов пен Абылайхан атындағы колледжінің «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша  II-ші дәрежелі оқытушысы запастағы аға лейтенант Б. Абдибеков, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы  запастағы аға лейтенант Р. Огай және әскери кафедра студенттері қатысты.
Ғылыми  - әдістемелік семинарда жиналған Қызылорда гарнизонының  әскери қызметшілері баяндамалары арқылы өзара тәжірбие алмаса отырып,  әскери кафедра студенттерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Әскери қызметтің түрлі саласында жұмыс атқарып жүрген офицерлердің басты ұстанатын бағыты бір. Ол – Елбасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы  Н. Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, қазақ әскерінің өсіп - өркендеу жолында бозбалалардың елді сүюге, Отанды   қастерлеп, қорғауға шақыру.
Қарулы Күштердің құрдасы ретінде өз пікірін білдірген 10216 «Д» әскери бөлім командирінің орынбасары аға лейтенант Айдар Махатұлы:  «Кез - келген мемлекет әскерімен айбынды. Елдің тыныштығын қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің алар орны ерекше. Сондықтан да,  елді қорғау, халықтың жарқын болашаққа деген сенімін нығайту ер-жігіттеріміздің қолында.
Алдымен «офицер» шеніндегі біздер антқа берік, өскелең ұрпаққа үлгі болу арқылы, құрыштай шыныққан сарбаздар мен курсанттар қатарын тәрбиелеу әр әскери шендінің міндеті!», деді.
Шара соңында, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әскери кафедра бастығы Н.Увайдаев келген әріптестеріне алғысын білдіріп, естелік суреттеріне түсті.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"