Елбасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

Елбасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

Мәжілісте «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кітаптың авторы – Мәжіліс депутаты, «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын Бақытбек Смағұл.

Тұсаукесер рәсіміне Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және қос палата депутаттары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Б.Смағұлдың көркем тілмен жазылған бұл еңбегі ірі 7 тараудан тұрады. Әр тарау Елбасы-Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасының жеті қырына арналған.

Мәселен, «Тәуелсіздік - мәңгілік үшін күрес кеңістігі» тарауында Елбасының жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлі ашылады. Ал «Елбасы шапағаты» тарауында Н.Назарбаевпен кездескен 1984 жылдан бергі естеліктері, Мемлекет басшысының соғыс ардагерлеріне қамқорлығы туралы баяндалады.

Бақытбек Смағұл өзінің ұзақ жылдардағы ой-толғанысының жемісі болып табылатын бұл еңбегінде Елбасы атымен ұштасқан «Елдіктің алтын ғасырына» қатысты бетбұрыстардың тек куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы ретінде дәуір рухын, қазіргі заман бейнесін ғылыми негізде, бірақ ой мен тіл өрнегін төге отырып, аса қызықты суреттейді.

Кітап қалың оқырманға, әр сала мамандарына, сондай-ақ болашақ «назарбаевтанушыларға» орнықты ой, дәйекті дерек, тағылымды түйін, ұлағатты ұйғарым ұсынады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства