Қорғаныс ведомствосының басшысы кездесу барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімдеді.
Н.Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды. Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ал, кездесу соңында өткен брифингте Қорғаныс министрі Елбасы тарапынан берілген тапсырмаларға кеңірек тоқталып өтті. Яғни, мемлекет басшысы әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жауынгерлік даярлық деңгейін көтеру секілді мәселелерге, сондай-ақ, бітімгершілік іс-әрекетті нығайту жұмыстарына айрықша маңыз берген.