ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Елбасы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Елбасы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әскерінің кәсіби біліктілігі артқанына тоқталып, оның қатарындағы ең лайықты азаматтардың жоғары атақтарға ие болып келе жатқанын айтты.

– Бүгінгі рәсімнің Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы қарсаңында өтуінің ерекше символдық мәні бар. Бұл – ел егемендігінің сенімді кепіліне айналған айбынды армиямыз үшін маңызды тарихи белес. Оның әлеуеті тәуелсіздік жылдарында әскери реформалардың, қару-жарақ пен техниканың жүйелі жаңартылуының арқасында айтарлықтай нығайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жаңа жаһандық қауіп-қатерлер жағдайында еліміздің қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы барлық құрылымдарының кәсіби және жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударып, бұл ретте командирлер корпусының ерекше рөлін атап өтті.

– Сіздер жауынгерлік өнегелі үрдісті, бабалардың ерлік дәстүрін жалғастырып, барлық жеке құрам үшін қалтқысыз қызметтің үлгісін көрсетіп келесіздер. Әскери дайындық деңгейінің артуы, әскердегі және құқық қорғау органдарындағы мінсіз ахуал сіздердің басшылық ету ісін сауатты жүргізулеріңізге байланысты. Күш-қуаттарыңыз, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті, еліміздің конституциялық құрылымын сақтауға бағытталуға тиіс. Сіздер қоғамдағы ең жауапты миссияны – қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тәуелсіздігіміздің құндылықтарын қорғау ісін жүзеге асырып келесіздер, – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысушыларға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі. Рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы Т.Мұхтаровқа, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы С.Әбішке, Ә.Садықұловқа, генерал-майор әскери атағы Д.Адырбековке, Е.Алдажұмановқа, Ж.Ахметовке, Т.Әбішевке, Т.Әміриевке, В.Беккерге, С.Исмайловқа, Қ.Қарақұловқа, Б.Құрманбаевқа, Қ.Тасыбековке, авиация генерал-майоры әскери атағы Т.Қойшықұловқа, контр-адмирал әскери атағы Қ.Есенеевке, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы К.Адамбековке, полиция генерал-майоры арнаулы атағы Б.Аймағамбетовке, М.Қызыловқа, 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы Т.Татубаевқа, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Қ.Игембаевқа, Е.Сыбанқұловқа, Ә.Шындалиевке берілді.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"