Елбасы Алматы облысындағы арнайы жасақтардың дайындықтарын тексерді

Бүгін Алматы облысының Заречное кенті маңында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы «Бүркіт» Жауынгерлік және Әдістемелік дайындық орталығында лаңкестікке қарсы «Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуы өтті.

Оған Қазақстан Республикасының барлық күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысты. Олардың ішінде ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі, ҚР ІІМ «Сұңқар» және «Арлан» бөлімшелері, ҚР ҰҚК «Арыстан» арнайы мақсаттағы жасағы, сондай-ақ, ҚР Ұлттық ұланының әскери барлау бөлімшесі мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан» бөлімшесі бар. Операцияға барлығы 150-ден астам жауынгерлер мен офицерлер жұмылдырылды.

Биылғы «Қайсар-2016» оқу-жаттығуының барысын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бақылап, тиісті бағасын берді.

Оқу-жаттығу барысында оған қатысқан бөлімшелер өзара бірлесе отырып, әр  түрлі жағдайда адамдарды кепілдікке алған лаңкестерге қарсы тиімді де нәтижелі операциялар ұйымдастырды.  

Оқу-жаттығу соңында журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары, полковник Мұхамедқали Сатов оқу-жаттығудың мақсат-міндеттеріне тоқталды.

«Лаңкестікке қарсы «Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуын өткізудегі басты мақсат - арнайы мақсаттағы бөлімшелердің елімізде орын алуы мүмкін лаңкестік әрекеттерге қарсы бағытталған операцияларды жүргізу даярлығын тексеру. Өйткені, терроризм мен экстремизм бүгінде әлемдік мәселеге айналып отыр. Біз осы оқу-жаттығу барысында арнайы мақсаттағы барлық бөлімшелердің бірлесе жасайтын жауынгерлік әрекеттерін пысықтадық. Бүгінгі шараға ҚР Президенті, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, бөлімшелердің даярлығын көріп, тиісті бағасын берді. Біз Елбасының және халқымыздың кез келген тапсырмасын кең-байтақ Отанымыздың кез келген жерінде орындауға дайын екенімізді көрсеттік», - деді полковник Мұхамедқали Сатов.

Айта кетелік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқу-жаттығу шарасының алдында осы орталықты арнайы аралап көріп, тиісті нұсқаулар берді.

«Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуына даярлық 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізілгенін айта кеткен жөн.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"