«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»

Ағымдағы жылдың 9 мамыр күні Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысына арналған «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» атты көрмесі ашылды.

Көрме адам санасында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысында қайсарлықпен қаза тапқан батыр бабаларымыздың ерлігінен сыр шертеді.
Көрмеде ардагерлеріміздің фотографиялары мен құжаттары, соғыс кезінде жазылған хаттары, сондай-ақ, сол ауыр жылдарда олар пайдаланған жеке заттары, батыр тұлғалардың картиналары, әскери тулар қойылған. Көрмеге келуші әрбір адам сұм соғыс салған қасірет пен қатыгездіктің, қиыншылық пен жан күйзелісінің таптарын бағасы артық, құны өлшеусіз сарғайған жәдігерлерден көріп, жүректерімен түйсіне алады.
Тарих қойнауынан терең сыр шертетін, тағылымы мол тарихи жәдігерлер көрмесі 31 мамырға дейін жалғасады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"