ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Ел тарихындағы елеулі оқиға

Ел тарихындағы елеулі оқиға

Наурыз айы ел тарихында аса елеулі оқиғамен қалғалы тұр. Бұл – Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың халық тарапынан қолдау табуы. Алдымен осы жайында кеңірек тоқтала кетейік. Наурыздың 6-сы күні Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын қабылдады.
Бұл өзгерістер Қазақстан билік бұтақтарының арасында өкіліттіліктерді қайта бөлуді қарастырады, парламент пен үкімет рөлін президенттің кейбір өкілеттіліктерін беру арқылы күшейтуге арналған.

Парламент

Қабылданған заң жобасы бойынша, енді үкіметті жасақтау кезінде парламент рөлі , оның үкімет жұмысын бақылау тетіктері кеңейеді. Бұрын үкімет тек президентке ғана есеп беріп келсе, ендігі жерде президентпен қатар парламент алдында да есеп береді. Парламент енді депутаттарының үштен екісі қолдаған жағдайда президенттен министрлер кабинетінің (үкімет) жекелеген мүшелерінің отставкасын талап ете алады.

Нұрлан Әбдіровтің сөзіне қарағанда, үкімет енді Президент жаңадан сайланғаннан кейін емес, Мәжіліс жаңадан сайланғаннан кейін таратылады. Парламент және президент келісімімен жаңа үкімет жасақталады. Президент төрт министр - ішкі және сыртқы істер, қорғаныс және әділет министрліктерінің басшыларын ғана өзі дербес тағайындайды. Бұған дейін үкіметтің барлық мүшелерін президент жеке өзі тағайындап келген. Әбдіров «Бұл депутаттардың жауапкершілігін жоғарылатады және сайлау жүйесінің партиялық принципін күшейтеді" деп түсіндірді. Қазір Қазақстан парламентінде "Нұр Отан" партиясы басым. Мәжіліс спикері Нұрлан Ниғматулин Қазақстанның жергілікті БАҚ өкілдеріне парламент үкіметті бақылау жөніндегі жаңа өкілеттіліктерін "өзгерістер конституцияға толық енгзіліп, оған президент қол қойғаннан кейін" іске асыра бастайтынын айтқан.

 

Үкімет пен президент

Заң жобасы бойынша, мемлекет басшысы (Президент) үкіметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру және еңбек ақы жүйесін бекіту өкілеттігін береді. Мұнан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар жасау құзыры да министрлер кабинетіне тапсырылады. Заң жобасында "ол жұмысты үкімет президентпен кеңесе отырып атқаратыны, бірақ мемлекет басшысы үкімет актілерін шегере алмайтыны, сол арқылы енді үкімет өзінің жұмысына толығымен өзі жауап беретіні" айтылған.

Заң жобасы бойынша, енді президент Конституциялық кеңеске күшіне енген заңдардың негізгі заңға сәйкестігін тексеру ұсынысын жолдауға құқылы болады, бұрын президент бұл кеңеске күшіне енбеген заңдарды тексеруге ұсыныс енгізе беретін. Жобада президентке парламент қарайтын заңдардың кезегін анықтау құқығы берілгені де жазылған.

Парламент конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын наурыздың 3-і күні өткен бірлескен отырысында мақұлдаған еді. Бұл отырысқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып​ "конституциялық реформа жобасы бір ай бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды... 6 мың ұсыныс түсті. Бүкіл конституциялық реформа қоғамымызды біріктіре түсуге бағытталады. Сондықтан 26-бапты бұрынғы редакцияда қалдыруды ұсынамын" деп мәлімдеген еді.

Осы күні Назарбаев "Қыруар қаржы, адам ресурсын шығындап референдум өткізудің және қоғамда саяси проблема тудырудың қажеті жоқ. Сондықтан конституция бойынша халық сайлаған депутаттар корпусы бұл заңдарды қарауға хақылы. Мен екінші жолын таңдадым" деген болатын.

Қаңтар айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік бөлінісі туралы ұсыныс жасап, Қазақстан конституциясындағы парламент рөлін күшейту туралы айтқан еді. Мұнан соң президент сайтында азаматтар ұсыныс жолдайтын электрондық адрес жарияланып, ол ұсыныстардың жалпы мазмұнын мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу үшін құрылған жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков таныстырған болатын.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, заң жобасында ​Қазақстанның "аумақтық тұтастығы, унитарлық құрылымы, басқару формасы қандай жағдайда болмасын, тіпті конституцияға түзетулер енгізу жолымен де өзгертілмейтіні, ел тәуелсіздігіне қатысты өзгерістер жасалмайтыны" жазылған. Бұл туралы Қазақстан Президенті "Қазақстан президент басқаратын мемлекет болып қала береді" деп наурыздың 1-і күні де ескерткен болатын.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойып, аталмыш рәсімде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.  

Қадірлі қауым! Құрметті қазақстандықтар! Біз бүгін мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтіне куә боламыз. Мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойғалы тұрмын. Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстардың барлығын сараптап қарап, бір тұжырымға келді. Біз көпшіліктің Ата заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән бердік. Ұсыныстардың бәрі мұқият қаралған соң мен түпкілікті жобаны Парламент қарауына енгіздім. Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөледі. Сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады. Біз өкілді органның құзырын кеңейтіп, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін арттырдық. Мен қоғамдық талқылауға белсене атсалысқан ел азаматтарының бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, жұмыс тобына зор алғыс айтамын. 

Жұмыс тобына мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, заңгерлер, университеттер басшылары қатысты. Парламент депутаттары көп ұсыныс енгізіп, нақты жұмыс істеді. Барлық шаралар үшін рахмет айтамын. Заңмен жұмыс жүргізіп, маңызды міндет атқарған Парламент депутаттарына да көп рахмет. Осылайша, Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті. Конституциядан кейін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі. Енгізілген заңды мен Конституцияның талабы бойынша Конституциялық кеңеске жіберіп, бұл заңның Конституцияға және Қазақстанның заңдарына сай екені жөнінде тағы да дәлелдеме алдым. Енді заңға қол қойып, іске асыруға болады» – деді еліміз үшін аса маңызды құжатқа қол қойғанда мемлекет басшысы. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах