Еліміздің кинологтары Австриялық мамандармен тәжірибе алмасты

Бүгін, ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласы теміржол вокзалында Австрия ІІМ Кинология орталығының бастығы Йозеф Шутценхофердің басшылығымен кинолог-мамандардың қызметтік іздестіру иттерін пайдаланып, жарылғыш заттарды іздестіруі бойынша тәжірибелік сабақ өтті.

Оған  Америка Құрама Штаты Елшілігінің, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдау көрсетуімен Көліктегі ішкі істер департаментінің және Қазақстан Республикасының өзге де әлеуетті күш-құрылымдарының кинологтары қатысты, деп хабарлады Көліктегі ІУІД баспасөз қызметі.  

Аталмыш шараның негізгі мақсаты - кинологтарды және қызметтік - іздестіру иттерін  жарылғыш заттарды іздеуге оқытуда шетелдік тәжірибені қолдану болып табылады.

Өз сөзінде Й.Шутценхофер: «Өздеріңіз білетіндей, қазіргі заманғы қылмыстық топтардың материалдық-техникалық және қаржылық мүмкіндіктері көп. Бүгінде, әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа басты қауіп төндіріп тұрған терроризм мен экстремизм екені айдан-анық. Мұндай жағдайда трансұлттық қылмысқа қарсы тұру үшін елдер арасында құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру маңызды» екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол бүгінгі өткізіліп отырған шара бағдарламасының ауқымды екенін көрсетті. Атап айтқанда: иттерді жарылғыш заттар, қару-жарақтар және оқ-дәрілер іздеуге, жергілікті жерді, объектіні, темір жол көліктерін тінту тәжірибесіне үйрету.

Тәжірибелік сабақ барысында Департаменттің кинолог-мамандары жоғарыда аталған құрылымдардың мамандарымен бірлесіп, мина, жарылғыш құрылғылар, қару-жарақтар және оқ-дәрілерді табу мақсатында Астана қ. вокзалындағы жүк қоймаларын, сақтау камераларын, күту залдарын тексеріп  шықты. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік өңірлерінен келетін жолаушылар поездары мен өзбек және қырғыз құрылымындағы халықаралық поездарда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, темір жол почталық жөнелтілімдерге, сәлемдемелерге, бандерольдар мен басқа да жүктерге тексерулер жүргізілді.

Көліктегі ІІД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Бағлан  Жарылқасынұлы кинологиялық қызмет мамандарына қызметтік иттерді кинологиялық қызмет бөліністерінде пайдалану тәжірибесін жетілдірумен қатар, бұл қызметке жаңа серпіліс беру керектігін атап өтті. «Басты бағыт- қызметтік иттерді дайындау әдістерін жетілдіру. Тағы бір маңызды мәселе, ол басқа  ведомстводағы, мәселен, Астана қ. ІІД және ҚР Ұлттық гвардиядағы әріптестермен, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің өкілдерімен тәжірибе алмасу»  екендігін айтып өтті.

Кездесуге қатысушылар қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша  бірлескен шаралар өткізу тәжірибесі Қазақстан мен Австрия арасындағы достық қатынастардың нығаюының кепілі екенін және де алдағы уақытта да ынтымақтастықты кеңейтуге  мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дәл осындай шара ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласының халықаралық әуежайында өтпек.

Еске сала кетейік, еліміздегі көлік полицейлері осы жылдың басынан бері қылмыстарды ашу, жарылғыш заттарды іздеуде және қоғамдық тәртіпті күзетуде қызметтік иттерді 3 мыңнан аса рет қолданған. Есепті мерзім қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 800 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"