Еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде 1 тамызда найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел тұрады, кейбір жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркіреп,  найзағай жарқылдайды тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

 Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. 

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Павлодар облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, күндіз кей аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с. жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтілуде.

Қызылдорда облысының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"