Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды

Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек еліміздің батысында күн ашық

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы  15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар өңірлерінде де жел тұрып, тұман басады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.+

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтілуде, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Қарағанды облысының кей аудандарында жел соғып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Ақтөбе, күндіз Қызылорда облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінің кейбір аймағында жоғары өрт қаупі сақталады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"