Экстремизм мен терроризм – тұрақтылыққа төнген қауіп

Экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам бүгінгі күні кемде-кем шығар. Ғаламтор немесе баспасөз беттерінде болсын шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл – аталмыш проблеманың ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының  айқын  көрінісі.

Ғылым мен технология дамудың шарықтау шыңына шыққанына және адамзат бір-бірін оңайлықпен тани алатын мол мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқығы мен бостандығы.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң жобасына сәйкес, экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға тиым салынса, «Экстремизмге қарсы күрес туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының аумағында экстремистік бағыттағы ұйымдардың, бөлімдердің ашылуына және олардың қызметіне тиым салынған.

Қазақстан әлемдік сахнада көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде орын алғандығы айқын. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Оған дәлел – үстіміздегі жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған қанды оқиға. Қылмыскерлердің қолынан жазықсыз жандардың қаза тапқандығы барша отандастарымызды дүр сілкіндіргені хақ.

Лаңкестік – жаһанға төнген зор қатер, адамзаттың зор қасіреті. Бейбіт тұрғындардың жазықсыз қаза болуы – жан түршігерлік үлкен трагедия.

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу тек арнайы қызметтердің қана міндеті емес, жалпы еліміздің әр азаматы қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс.

Қазақ халқы ертеден бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тыныштықтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып келе жатқан «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күнде де өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз қашанда «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді ауызбірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес. Сондықтан барша қазақстандықтар үшін қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысуы – абыройлы парыз.

                                                                                                   Назгүл ШАБДАРОВА

           Қостанай облысы Қорғаныс істері

жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"