Ливан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаев Ұлттық қорғаныс министрі Элияс Бу Саабпен кездесті.
Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға әзірліктерін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Генерал-майор Н. Ермекбаев «Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштері» миссиясына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік ротасын өрістету процесіне жәрдем көрсеткені үшін Ливан тарапына алғыс білдірді. Өз кезегінде, Элияс Бу Сааб Қазақстанға БҰҰ шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі күш-жігерге үлес қосу шешіміне алғыс айтты.