Екіжақты ынтымақ нығая түседі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның елімізге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі екенін айта келіп, екі ел арасында өзара сенімді және конструктивті диалог орнағанын атап өтті. Елбасы келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесіне айрықша көңіл бөлінгенін айтты.
– Қазақстан бүгінде Тәжікстан үшін ірі экспорттаушы әріптес саналады. Тәжікстан да біз үшін сауда саласындағы маңызды әріптес болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 800 миллион долларға жетіп, 30 пайызға артты. Әлемдік экономиканың құбылмалы  жағдайында бұл – өте жақсы көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті екіжақты экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдете түсу үшін әлеуеттің жеткілікті екеніне назар аударды. Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында тауар номенклатурасын кеңейтудің және екіжақты тауар айналымын ұлғайтудың Жол картасын жасаудың маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстанда жасалған жеңіл автомобильдер мен темір жол локомотивтерінің Тәжікстанға жеткізілуін табысты мысал ретінде айтуға болады. Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-жидектер мен көкөністерді және солардан жасалған азық-түлікті импорттауға мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да бұл сапардың нәтижесіне оң баға беріп, Тәжікстан екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Тәжікстан Республикасының Президенті Тәжікстанның халықаралық сауда-экономикалық байланыстар жүйесінде Қазақстан жетекші рөл атқаратынын айтты.
– Біз экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастығымызды кеңейту мәселелерін қарастырдық. Тараптардың әлеуетін ескере отырып, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ұзақмерзімді формаларын дамыту және айналымдағы тауарлардың түрлерін көбейту туралы әңгімелестік, – деді Э.Рахмон.
Сондай-ақ, Тәжікстан Республикасының Президенті халықаралық аренадағы, мәдени-гуманитарлық, су-энергетика, терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі келіссөздердің нәтижелеріне тоқталды.
Соңында Э.Рахмон Қазақстанға ресми сапары барысындағы нәтижелі кездесулер мен сындарлы диалог үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да алғыс айтты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"