Десанттық шабуылдау әскерлерінде Бүкілармиялық конкурсқа қатысу үшін үздік сержанттарды іріктеуде

Конкурс барысында әскери бөлімдер мен құрамалар арасында үздік сержант атағына десанттық шабуылдау әскерлерінен әрі қарай әскерлер ауқымында жарысу үшін 40 әскери қызметші іріктеп алынды.

Конкурсанттар спорттық жарыстарда, атыс қаруынан атуда шеберліктері мен даярлықтарын көрсетіп, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, әскери-медициналық даярлық пен әскери топография бойынша нормативтерді орындады. Теориялық білімдерін тексеру үшін құрамы 100-дан аса сұрақтан тұратын тестілеуді ұйымдастырған болатын. Конкурстың шығармашылық кезеңі сержанттарға өздерінің көркем әдебиеттегі шеберліктерін толық ашуға мүмкіндік берді. Конкурстың соңғы кезеңінде сержанттар арасында қоян-қолтық күрестен спарринг өткізілген болатын. Аталған конкурстың нәтижесі бойынша 61993 ә/б үздік деп танылса, ал аз ғана уақыт айырмашылығымен екінші орынды 32363 ә/б иеленді, үшінші орынды 18404 ә/б (Талдықорған қ.) мен 16194 ә/б (Боралдай п.) өзара бөлісті. Жеке сынақта үздік бөлімше командирі болып сержант Сабыржан Есенбай (61993 ә/б), үздік взвод сержанты болып аға сержант Олжас Ермеков (61993 ә/б), үздік рота сержанты – 3-сыныпты сержант Дархан Жұмақанов (18404 ә/б), ал үздік батальон сержанты Диас Әмірғалиев (16194 ә/б) танылды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"