Депутаттар Қазақстандағы ауылдарды аралайды.

Депутаттар Қазақстандағы ауылдарды аралайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

«Бүгін депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз  - Президенттің бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әр отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіру әске асырылады», - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Белгілі болғандай, 6 сәуірге дейінгі аралықта депутаттар өңірлерде болады.

Мәжіліс төрағасының сөзіне қарағанда, халық қалаулылары кездесулерді облыс орталықтары мен ірі қалалардан бөлек,  шалғайдағы ауылдарда, елді мекендерде де өткізеді.

«Өңірлерден оралғаннан кейін, біз әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмысты бастаймыз. Осы орайда атқарылатын шаралар ауқымды болады», -деді ол.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"