Дене тәрбиесін жетілдіру дені сау ұрпақ қалыптастырады

Бұқаралық спортты дамыту – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басымдық берген тапсырмалардың бірі. Бұған Елбасының бес жыл бұрынғы мынау сөзі куә: «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда, елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет».

Осы тапсырмадан соң-ақ еліміздің өңір-өңірінде дене шынықтыру мен спортпен айналысуға арналған алаңдар, аулалар, стадиондар қаптады да кетті. Ал бұлардың ұлт денсаулығының жақсаруына септесетіні сөзсіз. Нәтижесінде, қазақстандық қоғамда дене тәрбиесіне деген көзқарас түбірімен өзгеріп келеді. Бұл пән республика мектептерінде жаңа әдістемелер мен технологиялар арқылы оқытыла бастады. Республика мектептеріндегі дене тәрбиесі пәнін өткізу ісіне жаңа технологиялар енгізілмесе, ешуақытта толыққанды тұлға тәрбиелей алмайтынымыз да белгілі болды.
Енді бізге бірінші кезекте дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы мен іргелі дамуының басты заңдылықтарын зерделеп алған жөн. Содан соң оның атқаратын қызметі мен құрылымын тани түсуге мүмкіндік ашылады. Бұл – бүгінгі ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз етуіне қажетті басты факторлар. Білген жанға дене тәрбиесі ұғымының ауқымы мен арнасы өте кең. Біз оны тек денешынықтыру сабағы деп түсінсек, қателесеміз. Керісінше, бұл – сабақтан да, мектептен де тыс денсаулықты нығайтуға байланысты шаралар жүйесі.
Еліміздегі білім беру саласына жүктелген қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлға тәрбиелеу десек, бұған дене тәрбиесі жүйесі зор үлес қоса алады. Әрі мұндағы оқыту тәсілі жас ұрпақтың денсаулығын нығайту ісімен қоса жүргізіледі. Осы арқылы болашақ тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктерді жан-жақты жетілдіруге болады. Әрі мұның өзі белсенді азаматтық ұстаным мен ізгі қатынастарды дамытудың алғашқы баспалдағы іспеттес.
Әр адамның өмірі – өзі өмір сүрген ортаның жемісі. Сол ортадағы дене мәдениеті – адамгершілік қарым-қатынастарды дамытудың бір бағыты. Дене тәрбиесі – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінің ажырамас бір бөлігі. Сондай-ақ ол – жеке тұлғаның жан-жақты әрі қуатты болып өсуінің бір кепілі. Осы арқылы өндірістік және шығармашылық еңбекке төзімді, ерік-жігері мол адам қалыптастыруға әбден болады.
Отансүйгіштік пен патриотизмге баулу ісіне де дене тәрбиесінің тигізетін пайдалы әсері жоғары. Болашақ ұрпақ денсаулығының мықты болуы және саламатты өмір салтын ұстануға бағдар алуы республика мектептеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдеріне де байланысты. Біз оларға жеке басымыз арқылы үлгі-өнеге көрсете білсек, көп нәрседен ұтамыз. Осы орайда әріптестеріміздің теориялық және тәжірибелік әзірлігінің деңгейі терең болғанын қалаймыз.
Педагогика саласында оқу үдерісінің үздіксіздігі деген ұғым бар. Бұдан денешынықтыру пәні мұғалімдері де тыс қала алмайды. Аталған үздіксіздік үш басты қағидаға арқа сүйейді. Мұның алғашқы бөлігінде оқу-тәрбие үдерісі жыл бойындағы әрі көп жылғы санатқа ие болуға тиіс. Екіншіден, бірінен кейін бірі өткізілетін сабақ барысының жүйелілігі мен бірізділігін сақтаудың тиімді тұстары мол. Яғни оқушының бойында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер келесі сабақтарда одан әрі жетіліп, беки түссе, мұғалімнің алға қойған мақсатының орындалғаны.
Мамай МУРАДОВ, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай орта мектебі денешынықтыру пәнінің мұғалімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"