Дәстүрлі дінді насихаттау

Дәстүрлі дінді насихаттау

Еліміздің Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың алдын-алу мақсатындағы сауықтыру шарасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөлімінде өтті.  

   Әскери қызметшілердің алдында ШҚО дін мәселелері жөніндегі басқармасы «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС теологы Махсат Дүйсенбекұлы Ботаханов «Дәстүрлі дінді насихаттау» тақырыбында дәріс оқыды. Ол ҚР Қарулы Күштерінде белгіленген мерзімді қызметтерін өткеруге енді шақырылған жауынгерлерге сауықтыру шарасының мақсатын түсіндірді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабында көрсетілгендей, мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ, заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынатынын алға тартты. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның» толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Дәріс соңында мерзімді қызметтегі сарбаздардың тақырыпқа қатысты сауалдарына да жауап берді.

Эльмира ИСКАКОВА

Идеологиялық жұмыстар және арнайы

                                                                                                                                                                                 насихат жөніндегі аға офицер капитан

Суреттерді түсірген Алуа ИСКАКОВА

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства