Дін терроризм мен экстремизмге қарсы

2017 жылғы  қарашаның 2-сінде  ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында  Ақмола облыстық дін істері басқармасының жанындағы Конфессиаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының маманы–теолог Тоқсамбай Қайкенұлы Шарипов, Бурабай мешітінің имамы Ұлан Беркімбайұлы Шарипов, Бурабай аудандық жастар ресурсы орталығының  психологы Г.А. Анисимованың қатысуымен  терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы семинар өткізілді.

Аталған іс-шарада әскери қызметшілер мен кадеттерге дәстүрлі діндер мен радикалды діндер арасындағы үлкен айырмашылықтар бар екенін, яғни дәстүрлі дін мен салафизмді кейбір жастар ажырата алмай олардың тізгінінде кетіп жатқандары туралы айтылды. Маман-теолог Тоқсамбай Қайкенұлы: – Мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әркімнің діни-нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, еліміздің рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын айта келе, кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы. Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жеткен сондықтан бұл жаһандық індетке лайықты қарсы тұру жолында бірлескен күш-жігерімізді еселей түсуіміз қажет – деп түсіндіріп өтті.
Өз сөз кезегінде Бурабай мешітінің имамы: Дін – қасиетті. Ең үлкен күнә діннің басты қағидаларынан ауытқу болып табылады. Яки, ешкімге зиян келтірмеу, ешкімді өлтірмеу, қоғамға қарсы болмау, білімі бар адамдарды тыңдау, т.б. діннің негізгі талаптары саналады. Біз барлық ел азаматтарын ортақ құндылықтар аясында бірігіп, арандатушылыққа алданбай, қасиетті ай құндылықтарын белсенді насихаттауға шақырамыз. Терроризм ислами немесе діни болуы мүмкін емес. Себебі ислам адамзатты мейірімділікке шақырады» – деп сөзін аяқтады Бурабай ауданының имамы Ұлан Бердібекұлы.
Айта кететін жайт, осы жат ағым өкілдерінің насихатының жалғандығын қанша әшкерленгенмен, олар бұл бағытынан таяр емес. Сол себепті мешіттен тыс басқа орындардағы, үй жағдайындағы уағыз-насихаттарға топ болып, жамағатпен уағыз жүргізуге тыйым салып, дәстүрлі емес діни насихаттың таралмауын қатаң бақылауға алу керек.
Қорыта айта кететін болсақ терроризм мен экстремизм қатері халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Терроризм шекара талғамайды, бай мен кедей ел деп бөлмейді. Осынау қауіпке тойтарыс беретін бірегей әрі жалпыға ортақ шешім әзірге жоқ. Мұндай жаһандық қауіп-қатреге күш- жігерімізді біріктіру арқылы ғана қарсы тұруға болады. Сондықтан, өскелең ұрпақ терроризмнің аса қауіпті екенін анық түсінуі үшін білім беру және ағартушылық түсіндіру жұмысын жаңа деңгейге көтерудің маңызы зор.
Терроризмге қарсы тұру жеке мемлекеттердің немесе олардың ішіндегі топтардың ғана емес, барша азаматтардың міндеті екендігін түсінуіміз қажет.

Кіші сержант А.Абжапбарова,
Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"