Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы

Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы

«Жас ұлан» республикалық мектебі мен Астана қаласының «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттің мекемесінің ұйымдастыруымен мектептің жеке құрамымен «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы» атты тақырыпта кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара қатынас діни радикализмге қарсы тұрудағы ықпалын талдау.
Кездесуге «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттің мекемесінің ғылыми қызметкерлері Марат Алимов және Александр Антипин қатысып, маман ретінде жеке құрамға дін мен дәстүрдің радикализмге қарсылығын айтып түсіндірді.
Марат Алимов өз кезегінде адамның рухани жан дүниесі, сеніміне тоқталып, оның маңыздылығын түсіндірді.
Әрбір халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі сол халықтың рухани дамуының негізін қалайды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында ең негізгі проблемалардың бірі ата-бабаларымыздың аманат еткен салт-дәстүріміз бен ұлттық келбетімізді сақтап қалу мәселесі болып отыр. Қазіргі жаһандану заманында біздің қоғамда батыстың мәдени және діни агрессиясы жүріп жатқан шақта, ұлтсыздану, құндылықтарымыздың ұмытылу үрдісі жаһандық сипат алып келеді. Кез келген ұлттың өзін тарихта ұлт ретінде сақтап қалуының алғы шарты – өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дінінен, тілінен, ділінен ажырамауы белгілі нәрсе. Ата-бабаларымыздан бізге «үш қасиетіңді: дініңді, діліңді, тіліңді сақта» деген қанатты сөз қалды.
Өкінішке орай, діни сауатсыздықтың, өз тарихын жоққа шығарудың, ата бабалардан жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұстанбаудың, зайырлы мемлекеттің саясатын исламдандыруға талпыну сияқты келеңсіз факторлардың салдарынан діни радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің көріністері бой көрсетіп отырғандығын айтып түсіндірді.
Ал, Антипин Александр мырза слайд, бейнематериалдар арқылы Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқаратындығын айтып өтті. Сонымен бірге ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнық¬тырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті ны¬ғайтуға қызмет етеді. Қазақ хал¬қының мәдениеті мен руханияты – ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді. Қазақстан діни толеранттылық пен конфес¬сияаралық келісім ісінде игі дәс¬түр¬¬лер¬ге ие. Қазақстан көне за¬ман¬нан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, мани¬хейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни толеранттылық пен конфес¬сияаралық келісімнің үлгісі бол¬ған деп атап көрсетті.
Сол сияқты кездесу барысында тарих пәнінің мұғалімі А. Оспанов пен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі отставкадағы п/п-к К.Алимжанов өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Кездесудің соңында «аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, мақсатымыз – сіздерге дін мен дәстүрдің бір-бірінен ажырамас егіз екендігін, хақ діннің қай-қайсысының болмасын радикализм, экстремизм, терроризм ұғымдарынан тысқары тұрғандығын әрі ғылыми тұрғыдан, әрі өмірлік тәжірибе тұрғысынан тағы бір паш ету болып табылады» деп сөздерін түйіндеді келген қонақтар.
Капитан Меруерт СМАҒҰЛ

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебінің
ТжӘҚЖБ идеология және арнайы
насихаттау бойынша офицері

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?