Чернобыльдың сызы санадан өшкен жоқ


Күллі әлемді дүр сілкіндірген Чернобыль апатына биыл 32 жыл. Қаншама Кеңес әскерінің тағдырын түбегейлі өзгертіп,  қазақ жастарының жан жарасына айналған оқиғаның орын алғанына қанша жылдар жылыстағанымен, салдары санадан өшкен жоқ. 26 сәуір тарихтың қаралы беттері ретінде қазақ жастарының да өміріне көлеңкесін түсірді. Осы күнге орай Астанадағы  ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Чернобыльдің тірі қалқаны» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмені ұйымдастырушы – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Чернобыль апатының ардагері, «Өлі қаланың куәгерлері», «Чернобыльдің тірі қалқаны» атты бірнеше кітаптардың авторы Марат Жүніс - бек. Көрме Астана қаласының «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ашылып отыр. Көрмені тамашалаушы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал - лейтенант Талғат Мұхтаров көрме қонағы ретінде сөз алды.

–       Құрметті Чернобыль ардагерлері, Чернобыль атом электрстанциясында орын алған қайғылы жағдайға да міне 32 жыл толып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдік атомдық энергетика тарихындағы ірі техногендік апаттардың бірі саналады. Чернобыль апатының зардабын жоюға 600 мың адам қатысты, оның 32 мыңы қазақстандықтар. Олар өздерінің өмірін, денсаулықтарын қатерге тіге отырып апаттың салдарын жоюға жанталаса кірісті. Олар ерлік жасады. Міне, осыған орай апаттың салдарын жоюшы марқұм болған азаматтарымызды еске алу мақсатында жылда осындай кештер, көрмелер өтіп тұрады, -деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал - лейтенант Талғат Мұхтаров.

Шараны ұйымдастырушы Марат Жүніс - бектің айтуынша, көрмеге дайындық біраз уақытты алған. Көрмеге апаттың зардабын жоюшы чернобыльдықтардың жеке заттары қойылыпты. Экспозициядан Чернобыль апатын жоюға қатысып, жоғары радиациядан сол сәтте қаза болған қазақ марқұм Талғат Сабыровтың жеке куәлігі мен еңбек кітапшасын көруге болады. Көрмеге, сондай - ақ химиялық қорғаныс костюмі, дозиметр, радиацияны өлшеуіш құрал, бұрындары көрмеге қойылмаған архивтік құжаттар, апаттың зардабын жоюшылардың фотосуреттері қойылыпты.

Көрмені тамашалаған кеш қонақтарына одан кейінгі кезекте Чернобыль апатының ақиқатын шынайы көрсететін бейнеролик көрсетілді. Фильмдегі кержақ саясаттың кесірінен «Отанды қорғау – парызым» деп отқа қойып кетіп, аса үлкен радиоактивті дозадан уланып мерт болған өрімдей қазақ жігітінің бейнесі көпті толқытты. Жастардың санасына қозғау салып, көңілдерін босатты.

Фильмнен кейін Чернобыль апатынан қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтіп, Халық Қаһарманы, генерал - лейтенант Бақытжан Ертаев сөз алды.

– Отандастарым, жерлестерім! Мұны көрмеуге де болар еді, бірақ тағдыр солай болды. Бұл фильмдегі кішкентай ғана эпизод. Бірақ біздің адамдар, жауынгерлер қаза болды, бұйрықты орындады. Бұл жігіт өзінің тап - таза адал жүрегімен ерлікке барды. Өйткені біз ұлы жеңімпаздардың ұрпағымыз. Біз өйткені Қабанбай, Наурызбай, Райымбек батырдың ерлік істерімен тәрбиеленгенбіз. Чернобыль апатын жоюға қатысқан 32 мыңның бүгінде 5 мың азаматы ғана қалды. Әр күн сайын қанша адам кетіп жатыр. Шындықтан қаша алмайсың. Бірақ өмір сүру керек. Қалғанына бар жағдайды жасауымыз керек. Чернобыль ардагерлеріне бас иіп, оларға қол ұшын беріп, қолдау көрсету – барлығымыздың парызымыз. Олар кім үшін, не үшін ерлік жасағанын түсіну, сезіну керек. Мен Парламент депутаты ретінде бұл мәселені бірнеше рет көтердім. Маған адам ретінде, генерал ретінде көптеген мәселелердің әлі шешімін таппай жатқаны арқама азаматтық ауыр жүк артқандай болады, - деді Бақытжан Ертаев.

                                                                                                      Меруерт Сафаева  

                                                                  Суреттерді түсірген Ағыбай Аяпберген                                                 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"