Бұл жаднаманы біле жүрген жөн

Бұл жаднаманы біле жүрген жөн

Еліміздің Бас әскери прокуратурасы әскери ведомстволармен бірігіп, «Әскер және заң» атты жаднама жасап шығарды. Бұл құжат газетіміздің алдыңғы санында жарияланған болатын. Онда азаматтардың құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарға қатысты сұрақтарға түсінікті әрі нақты жауап жазылған. Бас әскери прокурор, әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтың айтуынша, осы жаднама әскери қызметшіге қызметте, сол сияқты күнделікті тұрмыс-тіршілігінде құқықтық көмекші болмақ. Өйткені, құжат жолдарынан қандай да бір әрекет кезінде қажет пайдалы кеңестер қамтылған. Мәселен...

Тұрғын үй есебіне тұрудың түк қиындығы жоқ
Иә, біреулерге күрделі шаруа сияқты көрінетін тұрғын үй есебіне тұрудың, шындығында, түк қиындығы жоқ. Үкіметтің 2012 жылғы 28 тамыздағы №1091 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары бар. Соның 4-тармағына сәйкес, әскери қызметші алдымен есепке қою туралы баянатты тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына береді және ол қызмет өткеріп жүрген құрылымдық бөлімшеде тіркелу керек. Баянатқа қосымша мынау құжаттарды жинау керек: отбасы құрамы туралы анықтама; қызмет орнынан анықтама; баянат берген күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (болуы) туралы анықтама (бұл әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі); қызметтік тізім; бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсыру туралы анықтама; әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің және неке (некені бұзу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде (баянат берген күнге дейін 10 күн бұрын); отбасында Үкімет бекіткен науқастанулар тізімінде аталған кейбір созылмалы сырқаттардың ауыр түрлерімен ауыратын мүшелердің бар болуы туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы қоса беріледі; жиырма үш жасқа дейінгі күндізгі оқу түрінде оқитын білім ұйымынан анықтама; мүгедек тобы бойынша он сегіз жасқа толмаған отбасында мүгедек бала бар болса, халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедек туралы анықтама; балалардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмаған қамқорлығында және қамқорлық ету туралы анықтама; әскери қызметшінің отбасы мүшесінде оларды тану туралы соттың шешімі.
    Міне, жартысынан көбісі қолда тұрған құжаттар. Қалғанын бірнеше мекеменің есігін қағып барсаңыз болғаны, әп-сәтте дайындап бере салады.
Жалдау қаржысын алу жолдары
Баса ескеретін жайт, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 99-бабының 2-тармағына сәйкес, әскери қызметші осы елді мекенде оның және тұрақты отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында баспанасы немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғынжайы болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
    Үкіметтің 2012 жылғы қаулысымен бекітілген жоғарыдағы Қағида талаптарына сәйкес, қызметтік тұрғын үй беру кезектілік тізіміне сай тұрғын үй комиссиясының шешімімен жүзеге асады. Әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй ретінде пәтерлер немесе жатақханалар беріледі. Ал «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасымен жасалған шарттар бойынша тұрғын үйді жалдағаны үшін әскери қызметшілерге өтемақы төленбейді. Кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін қаражат пайдалану мүмкіндігі арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін ғана көзделген.
Тұрғын үйді жалдағаны үшін мақсатты өтемақы – қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз еткенге дейін тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған әскери қызметшіге төленетін ақшалай қаражат. Демек, қызметтік тұрғын жайда тұрып жатқан әскери қызметшілерге де тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленбейді.
Баспананы ақысыз қалай алады?
Әскери қызметте он және одан да көп жыл болған әскерилер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын жайды Үкіметтің № 673 қаулысымен бекітілген Қағидалардағы тәртіппен жекешелендіруге құқылы. Теріс себептермен қызметтен шығарылған әскерилерді қоспағанда, жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін ала алады.
Ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң талаптарына сәйкес, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы оның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, отбасы мүшелеріне ауысады.
    Орайы келгенде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабын да түсіндіре кетсек, егер азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылса; басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорындағы, мекемедегі еңбек қатынастарын тоқтатса; мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiмет берсе; жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғын үй сатып алған жағдайларда, оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуіне мұқтаждар есебiнен шығару жүзеге асырылады.
    Пәтерде елу пайыздан аз үлесінің бар болуы әскери қызметші және оның отбасы мүшелерін қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту үшін негіз болмайтынын да біле жүрген абзал.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП