Бүгінгі ұрпақ тартуы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті әскери кафедрасының 3-ші және 4-ші курс студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетті.

   «Жүректен жүрекке» жобасының аясында әрбір взводқа бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлерін студент-курсанттар желтоқсан айы бойы аралап, тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Хал-ахуалдарын сұрап біліп, мазалайтын мәселелерді ден қойып тыңдады. Азық-түлік тарту етіп, сұхбат жүргізді. Медициналық бақылаудан өткізіп, денсаулықты сауықтыру жөнінде кеңестер де берді. Аға ұрпақтың қаһарман ерлігін ел жадында мәңгілікке сақтауға шақыратын жоба әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қолдауымен жүзеге асты. Әлеуметтік қолдау көрсетуге барлығы да белсенділікпен қатысты. Әсіресе 4-ші курс студенті Сабина Малдыбекова жетекшілік ететін «Әскери дәрігер» әскери-патриоттық клубының жұмысы жоғары бағаланды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"