Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі алқа мәжілісінің отырысы өтті

Бүгін селектор форматында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен алқа мәжілісінің отырысы өтті. Бұл бағынысты әскерлерді басқару және орындарда ахуалды бақылау бойынша командирлер мен қолбасшылардың қол үзіп қалмауын  барынша азайту қажеттілігімен негізделген.

Күн тәртібінде әскерлердің мүддесін тікелей қозғайтын үш маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе диверсияға қарсы қауіпсіздік пен әскери объектілерді қорғау жөніндегі ахуалды көрсетті. Келесі әскерлерді инспекциялау және тексеру мәселелерін жетілдіру қарастырылды. Себебі, бұл тақырыптың өзектілігі өткізілетін тексерістердің нәтижелерімен туындады. Соңында Әскери-әуе күштеріндегі істің жай-күйіне ерекше назар аударылды. Әскери техника дамыған сайын жауынгерлердің алдында тұрған тапсырмалар да күрделене түседі. Олардың көлемі ұлғаяды, жұмыстарының сипаты өзгереді, моральдық, моральдық-психологиялық және физикалық жүктемелері артады. Ал бұл жеке құрамның сана-сезімінің өсуін қажет етеді. Осылайша, бөлімнің жауынгерлік әзірлігі әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік әзірлігінен қалыптасады. «Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол әскери бөлімде әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін, қажетті материалдық тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ететін жағдай жасаумен қол жеткізіледі. Бұл тармақ бойынша әртүрлі деңгейдегі командирлер толық жұмыс атқармайды. Нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз және бұл туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер», - деп қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов атап өтті және олардың мүлтіксіз сақталуына қол жеткізуге тапсырма берді. Алқа мәжілісінің отырысына Қорғаныс министрлігі башсылығының өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"