Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түседі

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Тек батыс және оңтүстікте  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысында, күндіз Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде  қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"