БҚО-да Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген 742 адам тұрады

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Қазақстан - бейбітшілік және келісім елі» деген тақырыпта конференция ұйымдастырылып, оған Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан халықаралық ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының өкілдері қатысты.

Жиында «Заман» БҚО өндірушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Түркинаның атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұдан тура ширек ғасыр бұрын ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарғаны белгілі. Кейін, 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстан ұсынысын бірауыздан қолдаған болатын. Биылғы наурыз айында Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті кезінде Қазақстан Президенті жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі әлем халықтары арасында қолдау табуда.

29 тамыз күні Астанада «Қазақстан - бейбітшілік және келісім елі» атты халықаралық конференция өтеді, оған 152 елдің өкілдері шақырылған.  БҚО-дан осы конференцияға қатысатын «Батыс Қазақстан облыстық Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенғалиевтің айтуынша, аталған жиында «Невада-Семей» қозғалысының өкілдері Семей ядролық полигонында жасалған сынақтан зардап шеккен азаматтарға арналған жеңілдіктерді кеңейту жөнінде мәселе көтеретін болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас геронтологы Айгүл Елемесованың сөзіне қарағанда, өңірде Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген 742 адам диспансерлік есепте тұр. Ал полигон қызмет еткен 1949-1991 жылдар аралығында 12 мың батысқазақстандық сарбаз борышын өтеген. Биылғы жеті айдың ішінде 742 адамның 667-сі медициналық байқаудан өткізілді. 69-ы стационарлық ем алса, 215-і күндіз емделді. Сондай-ақ олар республикалық емдеу орындарына, Жаңақала ауылындағы ауданаралық оңалту орталығына жіберілуде.  Мысалы, Астана мен Алматы қалаларында орналасқан Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне арналған республикалық госпитальға ай сайын 9 карта (алтауы Астанаға, үшеуі Алматыға) бөлінеді.

Конференцияда сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, онкохирург Ізімғали Көбенов, техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті информатика кафедрасының меңгерушісі Ермек Айталиев ядролық қаруды қолданудың қасіреті мен салдары жөнінде айтып берді. Бұл ретте Батыс Қазақстанның Бөкей ордасы ауданы аумағында Ресей тарапынан әлі күнге дейін әскери сынақтардың жалғасып отырғаны сөз болды.

Конференцияда талқыланған мәселелер бойынша ұсынбалар қабылданды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"