Болашақ әскери журналистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды

Алматыда 32356 әскери бөлімінің базасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті әскери кафедрасының студенттері семинардың практикалық бөліміне қатысты.

Практикалық сабақтар барысында семинарға қатысушылар әскери киім үлгісін киіп, кедергілер жолағын еңсеру бойынша нормативтерді орындау үшін оқу-жаттығу орнына шығарылды.
«Маған өзімді нағыз әскери адам ретінде сезінуге мүмкіндік берген семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Семинар бағдарламасы мазмұнды түрде өтті. Қысқа уақыт ішінде мен әрі қарайғы мамандық таңдау бойынша дұрыс бағыт алдым», - деді журналистика факультетінің 3-курс студенті Арман Ілиясов.
Аталмыш семинар жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін студенттердің әскери журналистика саласында жұмыс жасауды жоспарлап жүрген студенттердің кәсіби тұрғыда өсуі мен дамуы үшін мүмкіндік болып табылатынын айта кетейік. Семинар бағдарламасы дәріс курсын, оқу фильмдерін тамашалау, әскери техниканың көрсетілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсатты кәсіби нұсқаушылары өткізген практикалық сабақтарды қамтыды.
Іс-шара аяқталысымен семинарға қатысушылар 32356 әскери бөлімінің мұражайы мен қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері көрмесіне барды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"