Бөлімше командирлерінің курстық дайындығы

Бөлімше командирлерінің курстық дайындығы

   2017 жылға арналған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және басқарма органдарының әзірлік жоспарына сәйкес, Семей гарнизоны 30217 әскери бөлімінің базасында бөлімше командирлерінің курстық дайындығы өтті.

Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің сержанттары қамтылды. Сержанттар әр сабақтың басы мен аяғында тестілеу жүйесінде және тактикалық лездемелер мен практикалық сынақ тапсырды. Бағынышты адамдарды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі сержанттық құрам мен офицерлер арасындағы өзара байланыс және күнделікті қызмет барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жауынгерлік дайындық жөнінде жеке құраммен жауынгерлік әзірлік жөнінде сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына, сондай-ақ, әскери, техникалық және арнайы біліміне басты назар бөлінді. Мәліметті жетік меңгеру мақсатындағы дәрістерде қатысушылар талқыланған мәселеге қатысты өз ойын еркін жеткізіп, сауалдарына толық жауап алды. Ал, топтық сабақтарда теориялық білімді тереңдетіп, оны іс жүзінде көрсете білудің ептілігіне мән берілді. Мәселен, қарамағындағы қызметкерлер арасында шиеленіскен ахуал туындаған жағдайдағы сержанттың әрекетін сабаққа қатысушылар рөлдерде ойнап көрсетті. Оқытушының тапсырмасымен бетпе-бет келген сержантқа күтпеген түрлі жағдайларға байланысты шешім қабылдап, оған түсінік беру міндеті де жүктелді. Бөлімше командирлерінің курстық дайындығында 30217 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Б.Аманкелдиев, 28738 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант М.Кутуев, 35804 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ж.Зайсанбаев жақсы жағынан көрінді.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП