Бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдердің рөлі

Тәуелсіз Қазақстанның игілігіне әскери қызмет ету – ол ұлы абырой,  сонымен қатар халық пен ел алдында үлкен жауапкершілік.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарында біздің отандастарымыздың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегі мемлекетіміздің дамуының, оның гүлденуі мен қауіпсіздігінің нық іргетасы болды. Даңқты батырларымыздың, оның ішінде біздің халқымыздың батыр қыздары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Хиуаз Доспанованың есімдері қазақстандықтардың есінде және әлем тарихының беттерінде мәңгілік қалады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана және мақсатты саясатының арқасында әйелдер мемлекеттік биліктің жоғары органдарында жауапты орындарда қызмет атқарады, біздің тыныс-тіршілігіміздің әртүрлі салаларында табысты еңбек етеді, қазақстандық армияның қатарында әскери қызмет өткереді.

XXI ғасырда «әйел – жауынгер», «әйел – офицер» немесе «әйел – сарбаз» деген түсініктер ешкімді таңғалдырмайды, тек қана қызығушылық пен мақтаныш сезімдерін тудырады.

Қазіргі заман болмысында нәзік әйелдер қауымы Қарулы Күштер қатарына кіреді, алдарына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындайды және әскери мамандықты меңгеру жолымен әскери мансапты табысты құру перспективасына ие болады.

Бүгін Отанымыздың қорғанысында барлаушы, десантшы, ұшқыш, парашютші, байланысшы қыздар тұр. Олардың көпшілігі үшін камуфляж, полигон және атыс өмір бойғы іс болып табылады. 7900-ден астам әйел әскери қызметші әртүрлі әскери гарнизондарда қызмет өткереді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы рет аға ұшқыш – авиациялық эскадрилья авиациялық буынының нұсқаушысы лауазымына әйел лейтенант Ардана Әміржанқызы Ботай тағайындалды, ол жауынгерлік ұшақты кәсіби түрде басқарады.

Әскери-теңіз күштерінде әскери қызметті жауынгерлік құрбылар ерлерден қалыспай өткереді, әскери корабль экипажының құрамында тапсырмаларды орындайды. Олар: бас старшина Жанар Ыбыраева және аға матрос Дарья Кириченко.

Әйел әскери қызметшілердің әлемдік деңгейде Қазақстанның имиджі мен беделін нығайтуға қосқан үлестерін атап өткен жөн. Жыл сайын біздің армиямыздың нәзік өкілдері ерлермен қатар әртүрлі халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығуларға белсенді түрде қатысады.

Осылайша, 2017 жылы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 66597 әскери бөлімінің ефрейторы Шамшырақ Бақытбекқызы Сержанова «Достастық жауынгері» дәрежесіне ие болды және мемлекеттік награда – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Майор Ольга Рыпакова – Қарулы Күштеріміздің мақтанышы. Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы, үш орденнің иегері.

Одан басқа, әйелдер қазақстандық жастарды патриотизм және Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісіне баға жетпес үлес қосуда.

Орталық ансамбль бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бас балетмейстері Яна Чигарькованың кәсіби шеберлігі мен жанқиярлық еңбегі «Жас сарбаз» қозғалысына және орталықтың базасында «Ерке» балалар көркемөнер тобының жұмыс істеуіне бастама болды.

Әскери ұжымдарда әскери қызметшілердің мәселелерін шешуде, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруда және жүргізуде, моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға көмектесуде негізгі рөлі әскери бөлімдер командирлерінің әйелдері басқаратын әйелдер кеңестеріне тиесілі.

Әрбір әскери бөлімшеде жауынгерлік рухты қолдау, тұрақты моральдық-психологиялық ахуалды орнату және отбасы институтын нығайту – бұл мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әйелдер активі өкілдерінің қосқан зор үлесі.

Қазақстанның әйел әскери қызметшілері рухымен ғана мықты емес, ықыластылық, қайырымдылық және кішіпейілділік сияқты әйел табиғатына тән қасиеттері әскери бөлімшелердің командирлеріне жеке құрамның арасында бірлік пен салауатты ахуалды сақтауда көмектесе отырып, кез келген жағдайда әрқашан жол табуға мүмкіндік береді.

Әскери қызмет өткеру жағдайлары қаншалықты киын болса да әйелдер кез келген жағдайда өзінің сүйкімділігі мен әсерлілігін сақтап қалады.

Бүгінде иығына погон таққан әйелдер әскери борышын ерлермен қатар орындайтын және тәуелсіз Қазақстанның күзетінде тұратын адал үзеңгілес, отбасы құндылықтарын, әскери ұжымның бірлігін сақтаушы, батырлық және берік рух эталоны, патриот және хас сұлулық қасиеттерімен сипатталына алады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"