Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай өткен сенбіде Астанадағы Бауыржан Момышұлы ескерткішінің жанында салтанатты шара болып өтті. «ҚазМЗУ» оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық әскери құрылымдардың ардагерлері мен «ҚазМЗУ» әскери кафедрасының студенттері қатысты.

Салтанатты жиын соғыс даласында қалған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталып, баба ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Саптағы студенттер алдына шығып сөз сөйлеген Қарулы күштер ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, генерал майор Марат Нағыманов жастарға батыр бабаларымыз Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин ерліктерінен сыр шертті. «Бұл – Қарулы күштердің, ұлы Жеңістің күні. Жеңістің қалай келгенін кейінгі ұрпаққа түсіндіру үшін бүгін батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішінің алдына жиналып отырмыз. Бауыржан Момышұлы – әскери тарихта, әскери педагогикадағы айрықша азамат. Қазақтың батыр ұлының ерлігі мен өмірі бізге үлгі - өнеге болу керек» деп атап өтті генерал майор Марат Нағыманов. Майданда Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия батальонында Мәлік Ғабдуллин де болған еді. Рота командирі ретінде бірінші болып автоматпен соғысқан политрук Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобының ерекше ерлігін де Марат Нағыманов әңгімелеп берді. «М. Ғабдуллин – Кеңестер Одағының Батыры. Соғыстан кейінгі жылдары да батыр Мәлік Ғабдуллин еліміздің ағарту, фольклористика саласында ұзақ жылдар аянбай еңбек етті. Сол кісілердің ерлігін біз жастарға дәріптеуіміз керек. Олар батыр бабаларының өмірбаянын білуі керек. Егер жастар патриот болмаса, Ұлттық идеяны жүзеге асыру мүмкін болмасы анық. Ол жай бос сөз болып қалады. Жастарымызға дұрыс тәрбие бере білсек қана біз Мәңгілік ел бола аламыз», - деп түйді Марат Нұғыманов.

               

                                                                                                Меруерт Сафаева

                                                                  Суретті түсірген Ағыбай Аяпберген

 

 

 

 



 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"