Басшылық құрамға арналған оқу-әдістемелік жиын

20-шы қарашада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылық етуімен ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын басталды.

Бұл жиынның негізгі мақсаты 2018 оқу жылында ҚР ҚК басшылық құрамының қойылған тапсырмаларды орындауын және олардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірліктерінде қол жеткізген деңгейлерін шынайы бағалау болып табылады. Оның шеңберінде жедел тапсырмаларды шешу арқылы ҚР Қарулы Күштері жоғары командалық құрамының білім мен дайындық деңгейі тексерілетін болады. Оқу-әдістемелік жиын Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысымен аяқталады. Онда 2018 оқу жылындағы Қарулы Күштердің қызметінің қорытындысы шығарылып, 2019 оқу жылына тапсырмалар қойылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"