Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі

Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі

Астанада ҚР ҚМ Заң департаменті, ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаментінің, сондай-ақ Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері әскери қызметшілерге әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігінің негізгі өзгерістерін түсіндіріп берді.

Кеңесте тиісті тұрғын үй төлемдерін алу үшін әскери қызметшілерге қажетті іс-қимыл алгоритмі мен тәртібі жеткізілді. Сондай-ақ әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету және 2018 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ақшалай үстемақыны жүзеге асыру мәселелері жөніндегі негізгі ережелер айтылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының қабылданған Заңы шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін дұрыс түсінуі мен қабылдауы бойынша барлық санаттағы әскери қызметшілер арасында жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства