Бақылау тексерісі

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша әскердің бақылау тексерісі жүргізілді. ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы комиссиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөліміндегі жұмысына генерал-майор Дулат Адырбеков жетекшілік етіп, бақылау жасады.

   Әскери бөлім жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Дулат Темірғалиұлы Адырбеков бақылау тексерісінің барысын білді. Атыс қаруынан, жаяу әскер машиналары мен танктерден оқ ату жалпыәскери «Майлино» полигонында жүзеге асты. 1-ші және 3-ші танк батальондары взводтарының жауынгерлік атысы, танк роталарының қатысуымен роталық- тактикалық жаттығу, артиллериялық дивизионда батареялардың қатысуымен бақылау-кешенді сабақтары, бөлімнің барлық құрылымдарымен атыс даярлығы күндіз ғана емес, түнгі уақытта да тексерілді. Атыс даярлығынан штаб батальонының барлау ротасы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жалпы алғанда әскерилер атыс даярлығы, тактикалық, арнайы дайындық, әскери топография, жауынгерлік машиналарды жүргізу, инженерлік, дене даярлығы және саптық дайындық пәндері бойынша нормативтерді тапсырды. Мамандыққа қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін де байқатты. Кешенді комиссия әскери техника мен қару-жарақтың жағдайына, бағынысты құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына жетекшілік ету жөніндегі лауазымды тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру жүйесіне де баға берді.

   Айта кетейік, бақылау тексерісі әскери құрамалар мен бөлімдердің батальон басқармаларының, взводтардың, роталардың (батареялардың) жауынгерлік дайындығының шынайы деңгейін, жеке құрамның кәсіби дағдысын, құрылымдардың берілген оқу-жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауын тексеруді мақсат етеді. Сондай-ақ, құрылымдар мен олардың басқарма органдарының жауынгерлік әзірлік бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асырудағы және оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтаудағы жауынгерлік әзірлігі мен үйлесімділігінің деңгейін бағалауды да көздейді.

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"