Баланың бал күлкісіне толы жанұя

Нәзік жандылардың мойнына жүктелетін ұлы міндет – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы ана болу оңай емес. Ендеше осындай аналардың хал-жағдайы қалай, қандай жағдайда бала тәрбиелеп отыр, осындай сұрақтарға жауап іздеу мақсатында көп балалы отбасы болып саналатын сержант Руслан Карибаевтың жанұясына барған едік.

Сержант Руслан Карибаев 48386 әскери бөлімінде аға маман - аға оператор болып қызмет атқарады. Ол өзінің қызметіне адал және өз ісін жетік білетін азаматтардың бірі. Оның жұбайы Гүлнұр Садуақасова төрт қыз, бір ұлды дүниеге әкелген. Бұйырса, үстіміздегі жылы алтыншы баласының кіндігін кеспекші. Үш жеткіншек мектеп қабырғасында оқыса, екеуі аналарының қасында әлі мектеп жасына толмағандар. Жанұямен кездесіп әңгіме сұхбат жүргізуге әскери бөліміміздің отбасымен жұмыс секторының мүшесі аға сержант Сымбат Турғамбаева келіп, отбасы мүшелерімен жақынырақ сөйлесті.

         Гүлнұр бар уақытын балаларына арнап, олардың тәрбиесін көңіл бөлуді өз мақсатына айналдырған. Ерлі-зайыптылар ұл-қыздарын жұрт қатарынан қалдырмай, тәрбиелеуге тырысады. Екеуінің берген тәрбиесінің нәтижесі болса керек, балалары бірінен-бірі әр нәрсені қызғанып, әдемі киімге таласпайды. Зат үшін қабақ шытысқанды көрмейсіз. Осылайша, Карибаевтар бүгінгі қым-қуыт заманда қажырлы қызмет етіп келеді.

         Көп балалы отбасы – береке-бірліктің тоғысқан ұясы. Осы орайда, адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келгендігін айтар едім. Біз сөз еткен отбасындағы балалар да болашақта халқымыздың бағына айналғай.

 

Кіші сержант Әсем СЕХИМБАЕВА,

48386 әскери бөлімі әскери қызметшілердің

отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру

жөніндегі қызметінің жетекшісі

 

        

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"