Бітімгершілік күштердің бірлескен жаттығуы

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері"Мызғымас бауырластық-2018" оқу-жаттығуы барысында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерімен бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды.

Оқу-жаттығу Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округі Свердловск оқу-жаттығу орталығының полигонында өтуде. Қатысушылардың жалпы саны 1000-нан аса әскери қызметшіні құрайды. 300 бірлік әскери тезника және 20 бірлік әртүрлі әуе кемесі. оның ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылатын болады. Сондай-ақ оқу-жаттығуға Қызыл Крест халықаралық комитеті өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Маневрлер барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бітімгершілік контингенттері жауапкершілік аймағында оқ атуды тоқтату және халықтың іс-әрекеті туралы келісімнің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, халықаралық террористік ұйымдардың шабуылынан зардап шеккен аумақтарда бейбіт өмірді қалыпқа келтіруде жәрдем көрсету, сондай-ақ тасымалдауларды бақылау, жауынгерлік техниканың, қарудың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңға қайшы әкелінуі мен шығарылуының жолын кесу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы бойынша іс-қимылдарды пысықтайды.

Полициямен өзара әрекет етуде жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердің әрекеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығуға алты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы), сондай-ақ Біріккен штаб пен ҰҚШҰ Хатшылығының жедел топтары, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің поицейлік (милицейлік) күштері мен бөлімшелерінің әскери контингенттері тартылды. Естеріңізге сала кетсек, «Мызғымас бауырластық-2018» оқу-жаттығуы «Жауынгерлік бауырластық-2018» ҰҚШҰ әскерлерімен (ұжымдық күштерімен) жыл сайынғы бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығу шеңберінде өткізіледі. Оның шешуші кезең ретінде өңірдегі бейбітшілікті қалпына келтіру мен ұстап тұру.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"