Бірлескен жаттығудың берері көп

Бірлескен жаттығудың берері көп

Қазақ-өзбек әскерилері «Ерік дала» тактикалық оқу-жаттығуының екінші кезеңінде де күш біріктіріп, әлеуетін сынады. Бұл жолы Өзбекстанның «Фориш» оқу-жаттығу базасында екі ел әскерилері діттеген мақсаттарына қол жеткізіп, тапсырманы мүлтіксіз орындады.

Өткен жолы біздің ел аумағында Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы операциялық күштерінің бөлімшелері «Ерік дала» бірлескен тактикалық-арнайы жаттығуларының бірінші кезеңін өткізді. Жауынгерлер түнгі барлау және жауынгерлік операцияларды жүргізу міндеттерін орындады. Жоспарға сәйкес, ұшу-қону шараларын орындау барысында 2500 метр биіктіктен заңсыз қаруланған шартты топ құрықталды. Сондай-ақ, әуе кемелерін пайдалану арқылы фронталдық авиацияны енгізу іске асты. 

Еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов: «Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштері бөлімшелеріне жүктелген міндеттер сәтті аяқталып, бірлескен жаттығулардың бірінші кезеңінің міндеттеріне қол жеткіздік. Және сапар барысында Президентіміз – Жоғарғы Бас қолбасшымыздың қойған міндеттері аясында көптеген мәселелерді шештік», деген еді.

Бұл жолы көршілес елдің әскери базасы, нақтырақ айтсақ, Өзбекстанның

«Фориш» оқу-жаттығу орталығының базасында оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтті. Оның басы-қасында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-майор Абдусалом Азизов болды.

Бұл «Ерік дала» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы шешуші кезеңінің белсенді фазасы еді. Оқу-жаттығу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері арнайы барлауды жүргізу, таулы қыстақта заңсыз қарулы құралымның шартты тобын оқшаулау және жою жөніндегі тапсырмаларды орындады, авиацияны келтіру және артиллерияның атысын реттей отырып, қозғалмалы резервтерді талқандауды жүзеге асырды. Нақты өзара іс-қимыл нәтижесінде екі мемлекеттің аумағында арнайы операцияларды жүргізу кезінде контингенттерді басқару және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.

«Ерік дала» тактикалық арнайы оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне қойылған тапсырмалар сәтті орындалды. Бірлескен қазақстандық-өзбек оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді.

Әскерилердің біліктілігі, күш-қайраты сыналатын мұндай жаттығулар керек-ақ. Сондықтан осындай бірлескен тактикалық жаттығуларды жиі өткізу ұйғарымда бар.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства