Азаматтарды ҚР ҚК-нің әскери бөлімдеріне мерзімді қызметке шақыру жалғасуда

Азаматтарды ҚР ҚК-нің әскери бөлімдеріне мерзімді қызметке шақыру жалғасуда

«Күз-2017» шақыру науқаны барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке 6000-ға жуық қазақстандық шақырылатын болады. Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне қызмет ету үшін бөледі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына шақыру да жалғасуда. 30217 әскери бөліміне мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің толымы келді. Бөлімге келісімен сарбаздарға бөлімнің басшылық ететін құрамы таныстырылды. Олардың қызмет өткеретін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтып берді. Толымның келуіне орай бөлімде барлық жағдай жасалды. Жиын әкімшілігі тағайындалды. Оның құрамына жас толымға жаңа жағдайға бейімделуге көмектесетін және әскери істің қыр-сырын оқытып-үйрететін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кірді. Жас толымның жиыны кезінде жаңадан шақырылғандар жалпыәскери жарғыларды, тактикалық, дене даярлығы, РХБ қорғау бойынша негіздерді зерделеуге кіріседі. Саптық дайындық бойынша сабақтар барысында олар саптық айла-тәсілдерді пысықтап, саптық әндерді жаттайды.

«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жас толымды салтанатты жағдайда қарсы алуда. Сонымен, өткен демалыста Солтүстік Қазақстан облысынан келген 40 жаңадан шақырылушы 31775 әскери бөлімінің қатарын толықтырды. 30 адамнан құралған жас толым Приозерскідегі 06708 әскери бөліміне келгенін, сондай-ақ 120 адам «Астана» ӨңҚ «Спасск» оқу-жаттығу орталығында оқудан өтетінін айта кетейік.

«Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылушыларды іріктеу аяқталып та қойды.

Моральдық-психологиялық жағдайға тиісті бақылау жасауды және лауазымды адамдардың дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету және бағынысты жеке құрамды жеке зерделеу үдерісін жүйелендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен ата-аналары, туысқандары және достарымен сөйлесулері үшін мерзімді әскери қызметшілердің, курсанттар мен кадеттердің ұялы телефонды пайдалануына қатысты шешім қабылданды. Телефон арқылы сөйлесуге күн сайын сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін рұқсат етіледі. Ұйымдастырылу сапасы мен толыққандығына жүйелі бақылау жүргізу қамтамасыз етіледі.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений