«Айбынға» қатысатындарды анықтады

Дәстүрге айналған «Айбын» Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери-патриоттық жиыны биыл да өз жалғасын тапты. Оған өңірдегі білім басқармасына қарасты қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының әскери-патриоттық клубтары қатысты. Мұндағы мақсат – облыстың үздік әскери патриоттық клубтарын анықтап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жыл сайын облыстық жиыннан дара шығып, оза шапқандар республикалық, халықаралық сайыстарда оңтүстік өңірдің намысын қорғап келеді. Былтыр «Төле би арландары» әскери патриоттық клубы Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығында өткен сайыста жүлделі орыннан көрінген болатын.

Аталған жиынға биыл 16 командадан 400 оқушы және 100-ге жуық төрелік ететін әскери бөлім қызметкерлері атсалысты. Айта кетейік, жиынның өтуіне Қорғаныс істер жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасы тікелей мұрындық болды. Сайыс барысында оқушылар кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, әскери кросс, газ тұмылдырықты киіп, арқан тарту сияқты спорттың бірнеше түрінен жарысқа шықты. Одан бөлек, «Менің роботым» атты әскериленген робототехника байқауларында бақтарын сынады.

Жиынның қорытындысында 16 әскери клубтың ең үздіктері түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз топ маусым айында, Қарағанды қаласында өтетін халықаралық жарыста бақ сынамақ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"