Автоматтандырылған басқару жүйесін қамтамасыз етеді

Қорғаныс министрі «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамының қызметімен танысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаевқа компанияның қызметі туралы есеп ұсынылып, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер көрсетілді.

«Қазақстан ГАЖ орталығы» қажетті компоненттерді жеткізуді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, технологиялық жабдықтауды, есептеу кешендерін құру кезінде деректерді тарату желісін қамтамасыз ететін оператор (кіріктіруші) болып табылады. Мынадай негізгі бағыттар: әскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесін құру және қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеу мен эксперименталды әзірлемелер, әскери белгілеу мен ақпарат қауіпсіздігін басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесінің мамандарын оқыту бойынша жұмысты жүргізеді.

Қорғаныс министріне ИТ-инфрақұрылымның әртүрлі дереккөздерінен келіп түсетін АҚ оқиғалар мен инциденттер туралы ақпаратты орталықтандырылған жинау және талдауға арналған процестер мен бағдарламалық-аппараттық құралдар кешенінен құралған ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған ақпарат қауіпсіздігі (SOC) оқиғаларын басқару орталығының мүмкіндіктері паш етілді. «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-тың мамандары саусақтарды контактісіз үлдірлеу (сканерлеу) және түр әлпетті тану, BIM 3D технология мен VR қолдану бойынша биометриялық біріздендіру көрсетілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства