Ата-бабаларымыз қалай қорғанған немесе сақ қару-жарағының қыр-сыры

Ата-бабаларымыз қалай қорғанған немесе сақ қару-жарағының қыр-сыры

Аңдар мен жануарларды, құстарды, тотемдік бейнелер мен морфологиялық белгілерді көркемдік обьектісі деп бағалаған сақ-скиф ою-өрнектерді соғыс қаруларына да кең пайдаланды. Жалпы алғанда соғыс ісінің қару-жарақтары шабуыл қарулары және қорғаныс жарақтары деп екі топқа бөлінеді. Дәстүрлі қару-жарақ этнографиясын терең зерделеген ғалым Қ.Ахметжанның жіктеуінше, шабуыл құралдарының жиынтығына жақ пен оқ, қанжар, қысқа семсер (акинак), ұзын семсер, найза, жауынгерлік балта жатса, қорғаныс жарақтарына сауыт, жауынгерлік бас киім дулыға, қол-аяқты қорғайтын жабдықтар кіреді.

Соғыс өнеріндегі ең ежелгі қарудың бірі – жақ. Алғашқы қарапайым түрі неолит дәуірінде аңшылықта қолданылғанымен, жетілдірілген, күрделі садақ түріне айналған бұл қару бабаларымыз үшін б.з. дейінгі І мыңжылдықтан белгілі болған.

Скифтік садақ – сақтардың атын шығарған әлемдегі ең жетілген, озық қару түрі. Бүгінгі таңда оны Калашников автоматымен теңестіруге болатын шығар. «Садақтың адырна иіндері серпінді болуы үшін кері иіліп, беліне бұрышталып қосылады, сондықтан жақтың керілген күйінде иіндері белінен біршама алға шығып, гректің сигма әрпіне ұқсап тұрды» деп сипаттайды этнограф Қ.Ахметжан.

Акинак – қоян-қолтық ұрыста кесу-түйреуге арналған суық қару. Қанжар сабының ұшы дөңес немесе таяқша түрінде, балдағы көбелек қанатына ұқсас, жүрекше формалы да болып келеді.

Жауынгерлік балта – жақын қашықтық үшін ұрысқа қолайлы көшпелілердің көне қаруы. Археологиялық, икнографиялық материалдар негізінде бастапқы қалпын қайта жаңғыртқан Қ.Ахметжанның дерегінше, сақ жауынгерлері басы жарты ай формалы айбалта, екі басты балта – сагарис және басы қайла тәріздес шақан түрін кең қолданған.

Соғыс өнерінде соғу үшін қолданатын байырғы қару түріне гүрзілер жатады. Негізінен тастан жасалған гүрзілердің сақтардың пайдаланғаны Ұйғарақ обасынан табылған деректер бойынша дәлелденіп отыр.

Жебе ұштарының дамуына байланысты қорғаныс киімдері де жетіліп отырды. 6-4 ғасырларда күрделі садақтың күрделі түріне байланысты жебе ұштарының үлгісі өзгерді. Егер бұрын жебе ұшы 7-12 см құраса, ол өз салмағының күшімен барып діттеген жерге шаншылатын. Садақ жетіле келе, серпіні күшейді, ату қашықтығы ұзарды, жебе ұштары кішірейе түсті. Үш немесе төрт қырлы сауытбұзарлар пайда болды.

Қорғаныс жарағының ішінде ең маңызды роль атқаратыны – сауыт. Далалық көшпелі тайпалар металл мен темірді жетік меңгеруінің арқасында төртбұрышты ірі металл пластиналарды теріге, матаға қатарлап бекіту арқылы тақталы сауыт түрін пайдаланған. Сақ тайпасына кіретін жауынгерлер б.з. дейінгі І мыңжылдықтың ортасынан бастап металдан тұтастай соғылып жасалған кираса сауытын киген.

Сақ жауынгерлері басты қорғайтын дулығаға да аса қатты мән берген. Этнограф Қ.Ахметжанның пікірінше, металл дулығалардың екі түрі кең тараған: бірі – төбесі дөңгелек келген, қатты соққыдан қорғағыш қыры бар, алдыңғы жиегі адам қасының формасын қайталайтын дулыға болса, екіншісі – төбесі шошақ дулыға.

Сақ дәуіріндегі қалқандар ағаштан жасалған. Тал шыбықтардан тоқып жасау және ағаш тақталардан құрастырып жасау мәдениеті ұзақ жылдарғы тәжірибемен қалыптасқан. Тал шыбықтарынан теріге өріліп жасалған қалқандар археологиялық қазбаларда (Пазырық, Берел) жақсы сақталған, тұтастай аршылып алынды.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства