Астанада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады

Астанада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде Әскери комитеттің отырысы өтті

 Әскери комитеттің төрағасы, Қорғаныс министрінің бірінш орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы (ҰҚШҰ) Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде ҰҚШҰ ҚМК жанында Әскери комитеттің 12-ші отырысы өтті. Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттері қарулы күштері бас штабтарының бастықтары және ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы қатысты. Отырыс барысында 2018 жылы жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу тәртібі талқыланды, ҰҚШҰ (Ұжымдық күштерді) әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров өзінің сөз сөйлеуінде «Жауынгерлік бауырластық-2018» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығу кезеңдерін өткізу мерзімдері мен мазмұнын, тартылатын күштер мен құралдардың алдын ала құрамы, бірлескен жаттықтырулар мен оқу-жаттығуларды басшылыққа алуды ұйымдастыру туралы хабардар етті. Отырыс шеңберінде Әскери комитеттің төрағасы ҰҚШҰ-да төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасы ұсынған әскери саладағы ҰҚШҰ қызметінің басымдық бағыттарын жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттері қарулы күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша әрі қарайғы жұмыстың бағыттары айқындалды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"