Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамды сананы жаңғырту» мақаласы аясында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Алаш Орданың 100 жылдығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, танымал отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әскери тарихы, ғылым мен білімді дамыту жолдары мен келешегі, аталмыш салада бірлескен ғылыми зерттеулерді жетілдіру мәселелерін талқылау болды.
«Бүгінгі конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтті. Алаш Орданың 100 жылдығы мен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған және ұрпақ сабақтастығындағы алар орны орасан зор. Алаш қайраткерлері өздерінің өмірлерін егеменді мемлекетті құру ісіне сарп етті, ал Алаш қозғалысы – бұл халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі. Бүгінде олардың армандары орындалды. Қазақстанның әскери қызметшілері өздерінің өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен. Қазақ халқының ұлы балаларының ізбасарлары болып табылады. Мұндай конференциялар ұрпақтар арасындағы байланыстың үздіксіздігі үшін қажет. Себебі, жас ұрпақ өзінің тарихын терең біліп, зерделейді», - деп ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов атап өтті.
Конференция барысында саяси ғылымдардың кандидаты, алаштанушы, «Қасиетті Қазақстан» өлкетану зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлының «Алаш әскері», Ақ әскер құрамындағы қазақ бөліктері (1918-1920 жж.), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрғанбек Алланиязовтың «Қазақстан көшпенділерінің әскери ісі: зерделеу тәжірибесі мен мәселелері», өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің «Кейкі батыр» атты кітаптарының тұсаукесері өткізілді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"