Астанада террористік қауіптің «сары» деңгейі сақталады

Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласының ІІД мәліметінше, қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі сақталады.

Террористік қауіптің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда сақталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

- құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер;

- қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар;

- сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар;

- айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер;

- ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге және мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске сала кеткеніміз жөн.

Күмәнді заттарды анықтаған жағдайда дереу 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлері бойынша Астана қаласының ІІД кезекшілік бөліміне хабарласыңыздар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"