ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысы өтті

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Бүгін, елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры қатысты, Кеңес барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде конструктивті пікір алмасу өтті.

ШЫҰ мүше мемлекеттері үшін заманауи қауіп-қатер кезіндегі басымдық міндет өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұру және нығайту болып табылатынын айта кеткен жөн. Отырысқа қатысушылар өткен жылғы ынтымақтастыққа талдау жасап, қорытындысын шығарды.

Одан басқа, ШЫҰ елдерінің қорғаныс ведомстволары арасында өзара іс-қимылды әрі қарайғы дамыту перспективаларын қарастырды. Оның қорытындысы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітіліп, тарихи және мәдени мұраны зерделеу және сақтау аясында әскери ведомстволар арасындағы ниет туралы хаттамаға қол қойылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің келесі отырысы 2018 жылы Қытай Халық Республикасында өткізіледі деп жоспарлануда.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?