Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері әскери оркестрлерінің бэнд-марафоны өтті

Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің бэнд-марафоны өтті.

Іс-шараға қатысушылардың арасында Қытайдың ұлт азаттық армиясының әскери оркестрі, Қырғыз Республикасы ҚК БШ Армия орталық үйінің әскери-көрсетпелі оркестрі, ҚР Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетпелі оркестрі, ҚР ҚК ҰӘПО Орталық әскери оркестрі, РФ ҚМ Орталық әскери оркестрі, Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі коменданттық полкінің  әскери үрмелі оркестрі. «Бұл фестивальға біз үшінші рет қатысып тұрмыз. Биылғы жылы қазақ ағайындарымызға, Астанаға жол тарттық. Бұл фестиваль дәстүрге айналды. Мұнда біз музыканттар ретінде тәжірибе алмасамыз. Бұл оркестрлерге кәсіби тұрғыда тың дүниені танып-білуге көмектеседі», - деді Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Армия орталық үйі әскери-көрсетпелі оркестрінің бастығы капитан Дастан Джуматайуулу.  «Бейбітшілік кернейі» фестивалі шеңберінде елордалықтар мен шаһар қонақтары ШЫҰ мүше мемлекеттерінің музыкалық мәдениетімен танысып, өзге елдердің ұлттық мәдениетіне, әлемдік музыка мәдениетіне араласа алады. «Біздің ұжым Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Біз 1927 жылдан бастап өз тарихымызды жүргізудеміз және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жетекші әскери үрмелі ұжымы болып табыламыз. Құрамында үрмелі және симфониялық оркестр бар. Фестивальға 50 адамнан құралған үрмелі оркестрдің шағын тобы келді. Бізді мұнда құшақ жая қарсы алды. Бұл қазақ халқын үнемі ерекшелендіріп тұрады», - деп РФ ҚМ Орталық әскери оркестрінің дирижері капитан Андрей Нисенбаум атап өтті.  Бүгін, сағат 20.00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда плац-концерті бар концерттік өнер көрсету басталатынын айта кетейік. Аталмыш шараны елорданың барлық  тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"