Астанада ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Елорданың 20 жылдығына орай ҚР ҚК ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М. Майкеев ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында генерал-лейтенант Н. Поспелов, авиация генерал-лейтенанты А. Сорокин, авиация генерал-майорлары Ж. Сәндібаев, А. Жұманов, генерал-майорлар А. Ерниязов, Е. Оразов, В. Шацков полковниктер О. Жандосов, С. Бегіжанов, М. Ботин. «Елбасының стратегиялық пайымы, көрегенділігі мен жасампаз күшінің арқасында Еуразияның қақ ортасында қысқа уақыт ішінде Қазақстанның күші мен тәуелсіздігін бейнелейтін қайталанбас, заманауи мегаполис, бірегей елорда пайда болды. Бүгінде әлемдік қоғам жаңа астананың қалыптасуының қысқа уақыты ішінде оң өзгерістер, зор жетістіктер туралы таңданыспен айтады. Астана – қазақстандықтардың мақтанышы, еліміздің егемендігінің символы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің символы. Құрметті ардагерлер, менің шын көңілмен айтылған құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бұл мерекелік күні  Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, амандық тілеймін», - деді өзінің сөз сөйлеуінде генерал-лейтенант М. Майкеев.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"