Астанада ораза айында қайырымдылық акциясы өтті

«Ойнакидс»  отбасылық көңіл көтеру орталығында қасиетті ораза айында тамаша қайырымдылық акциясы өтті. Орталықтың әкімшілігі  бір күнде түскен табысты толығымен  ауыр дертке шалдыққан Амина Гильфанова атты сәбидің отбасына аударды.

 Сонымен қатар бүлдіршінді емдеуге қосымша қаражат жинау мақсатында қолдан жасалған бұйымдар мен үйде пісірілген тәтті тағамдардың жәрмеңкесі де ұйымдастырылған-ды. Оған қала тұрғындары белсене араласты. Олар ұлттық тағам- бауырсақтан бастап, түрлі торттар мен жұмсақ тоқаштардың, бәліштің, кекстердің сан алуан түрлерін пісіріп әкеліпті.

-Міне, менің әжем әдемі кекстер пісірді. Мен де оған көмектестім. Оны сатқаннан түскен ақшаны Амина деген кішкентай қызға береміз. Әжем ол қатты ауырып жатыр дейді. Ол тезірек жазылса екен, - жеті жасар Камал Тілеуберді ересектерше сөйлейді.

Ал Әсем есімді жас келіншек үш жастағы ұлы Амерланмен келіпті.

-Ұлым тәттіні өте жақсы көреді. Алайда біз оған тортты жеуге болмайтынын, оны сатқаннан түскен ақшаны бір науқас баланың ата-анасына беретінімізді айтқан едік. Ол түсінген сияқты, өйткені торт бер деп мазаламайды, - дейді Әсем.

Жанагүл Байсадықованың моншақтардан тоқыған бұйымдары да  бұл күні келушілердің назарынан тыс қалмады. Сәнді құмыралар мен жеміс салатын ыдыстар, кәмпит салуға арналған вазалар, ұсақ-түйек сый-кәделер көздің жауын алады. Шебер қолды келіншектің негізгі мамандығы музыкамен байланысты екен. Консерваторияны тәмамдаған  ол ұзақ жылдар Тәттімбет атындағы оркестрде домбырашы болыпты. Қазір мектепте балаларға ән сабағынан дәріс беретін Жанагүл бос уақытында балалар үйіне барып, балғындарға моншақпен тоқуды тегін үйретеді. Оның айтуынша, моншақтармен жұмыс істеу балаларда ұсақ моториканың дамуына септігін тигізеді, мидың жұмыс қабілеті артады. Келесі жылдан бастап осы өнеріне баулитын курстар ашуды жоспарлап отыр.

Отбасылық көңіл көтеру орталығында осы күні ұйымдастырылған арнайы шоу бағдарлама мен концерт мерекенің салтанатын арттыра түсті. Кішкентайлар Микки Маус, Джек Воробей, клоун сияқты кейіпкерлермен ортаға шығып билеп, сабын көпіршігі шоуын тамашалады. Олардың әрқайсысы сабын көпіршігінің ішінде ұмытылмас бір сәттерін өткізді.

-Біз аталмыш мерекеге барынша көп адамдарды тартуға тырысқан едік. Біз өмірде қайырымды жандардың көп екеніне тағы да көз жеткіздік. Қысқа ғана мерзімде осыншама адам біздің бастамамызға үн қосып, өз ықыластарын білдіргендеріне алғысымыз шексіз, -деп бөлісті ұйымдастырушылардың бірі Әсем Жүнісова.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"