Астанада нұсқаушы сержанттармен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді

Астанада нұсқаушы сержанттармен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді

Қарулы Күштерді даярлау жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында алғаш рет Қарулы Күштер түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің нұсқаушы сержанттарымен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді.

Жиынның негізгі мақсаты нұсқаушы сержанттардың кәсіби дайындығының деңгейін бағалау және қызметтік құжаттамамен жұмыс жасауда сержанттар құрамының практикалық дағдыларын жетілдіру болды. Оқу-әдістемелік жиын нәтижелері бойынша дене және кәсіби даярлық, қызметтік жұмысты тексеру мен бағалау әдістемесі, нормативтік құқықтық актілерді, талдамалы анықтамалар мен өзге де қызметтік құжаттарды әзірлеу мен ресімдеу тәртібі бойынша сынақтар қабылданып, сондай-ақ перспективалық және ағымдағы жоспарлау мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқау беру сабақтары өткізілді.
Жиын соңында ағымдағы кезеңге Қарулы Күштер сержанттар құрамының қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылып, Қорғаныс министрлігі басшылығының талаптары жеткізілді және алдағы кезеңге тапсырмалар қойылды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана