Астанада көліктердің жылдамдығын өлшейтін құрылғылар алынып тасталды

Елордалық Ішкі істер департаменті кейбір көшелерден жылдамдық өлшегіш сұр құрылғыларды («Вокорд-Циклоп аппаратты-бағдарламалық кешендері) алып тастады.

«Бұл шаралар жасалған талдаудың нәтижесінде жүргізілді. Осы ретте жол-көлік оқиғаларына байланысты ахуал талданғаннан кейін, бұл жылдамдық өлшегіштер ЖКО аз жасалатын учаскелерден шешіліп, апаттық жағдай көп орын алатын жерлерге қайта орнатылды», - деп түсіндірді Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Мәселен, жылдамдық өлшегіш сұр құрылғылар кейбір жолдардан  алынып, басқа көшелердің бойында бірнеше учаскеге орнатылды. Оның сөзіне қарағанда, аталған құрылғыны орнату жұмыстары күрделі болмағандықтан, оларды жолдардың басқа учаскелеріне ауыстыру қиынға түспейді.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жылдамдық өлшегіштер өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр. «Вокорд-Циклоп» кешендері биылғы ақпанның соңында іске қосылып, олардың көмегімен 230 миллион теңге сомасындағы жылдамдық режімі бойынша 9 300 астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Жалпы, жыл басынан бері қалададағы фото және бейне құрылғылар арқылы 500 млн. теңге сомасында 23 мың ереже бұзу оқиғалары тіркелді.

Айта кетейік, бұл сұр түсті құрылғылар өткен жылы тестілік режімде жұмыс істеді. Биыл ақпан айында 21 осындай аппарат іске қосылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"